Биыл 3 қаланы жалғайтын бес учаске пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл «Нұр-Сұлтан-Павлодар» (161 шақырым) және «Павлодар-Семей» (46 шақырым) автожолының қжаңартылған 5 учаскесін пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскелердің жалпы ұзындығы 207 шақырымды құрайды.

«Бүгін де ұзындығы 166 шақырымдық «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автокөлік жолындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақындап тұр. Жолаушылар жол табанының төменгі және жоғарғы қабаттарын төсеп, жол белгілерін, қоршаулар мен қауіпсіз қозғалысқа қажетті өзге де жол элементтерін орнату жұмыстарын жалғастыруда», - делінген Ұлттық компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, «Павлодар-Семей» авожолының ұзындығы 46 шақырым учаскесіндегі қайта жаңарту жұмыстары да аяқталуға жақын қалған. Қазіргі таңда мамандар жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршауларды, жол белгілерін, сигналды бағаналарды орнатып, жолақтарды салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталмыш учаскелердегі қайта жаңарту жұмыстарын 2019 жылда толық аяқтау жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар