+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Биыл 284 адамға қатаң сөгіс жарияланды - агенттік

2020 жылғы 30 қазан 13:43
Бөлісіңіз:
Биыл 284 адамға қатаң сөгіс жарияланды - агенттік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 9 айда әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 889 адам тартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жемқорлықты жою және алдын алу жұмыстары іс жүзінде жүргізілуі тиіс – Алик Шпекбаев Жетісай ауданында «Халықтық кеңсе» ашылды Бекетаев Стати ісі жайлы: Қазақстан бәріне нақты сигнал беруі керек

«2020 жылдың 9 айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдарға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша 1 347 ұсыныс енгізді. Қарау нәтижелері бойынша әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке 889 адам тартылды. Олардың 92-сі жұмыстан шығарылды, 94-і қызметінен босатылды, 83-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді, 12-сі қызметінен төмендетілді, 284-іне қатаң сөгіс жарияланды», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Оның айтуынша, бақылаудың жоқтығы және қарамағындағылармен заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке түрлі буындағы 296 басшы тартылды. Олардың 52-сі қызметінен босатылды, 11-і жұмыстан шығарылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен қызметкерлері еңбек ұжымдарымен 412 кездесу өткізді, онда 726 ұсыныс қаралды.Тек осы аптада өңірлерде бірқатар ұсыныстар қаралды», - деді агенттік өкілі.

СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша (ауданның дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің бірін салу кезінде бюджет қаражатын ұрлау туралы іс бойынша), өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР Заңының 73-бабының 2-бөлігін бұзғаны үшін «Ақжар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ж.Ж. Еслямбеков «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін «Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері А.Б. Үсенбаев «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT