Биыл 24 млн гектар алқаптан ауыл шаруашылығы дақылдары жиналады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде ел бойынша барлығы 2,4 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылы қолайлы ауа райы жағдайлары егін жинау жұмыстарын уақтылы бастауға мүмкіндік берді және бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,4 млн гектар немесе 14,1 пайыз дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 11,5 центнер болып, 2,8 млн тонна астық бастырылды», - деп баяндады министр.

Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде егін жинау жұмыстары жүріп жатыр.

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары жиналатын жалпы алаң 24 млн гектарды құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 651,8 мың гектарға көп. Қазіргі таңда оның 17,4 млн гектарынан дәнді дақылдар жиналады», - деп мәлім етті ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар