Биыл 23 жаңартылатын энергетика нысаны салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 23 жаңартылатын энергетика нысаны салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дүниежүзілік энергетика саласында жаңартылатын энергетика әлемдік трендке айналуда. Қазақстанда да жаңартылатын энергетика «жасыл» экономиканы дамытудың локомотиві болып табылады. Біз «жасыл» экономика тұжырымдамасында өзімізге алған міндеттемелерді орындадық және елдің жалпы энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия үлесін 3 пайызғаға дейін жеткіздік. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 3,15 млрд кВт сағатты құрады», - деді министр.

Оның дерегінше, 2020 жылы жиынтық қуаты 583 МВт 25 ЖЭК жобасы іске асырылды. Секторға 1,5 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылып, еліміздің өңірлерінде 3000-ға жуық уақытша жұмыс орындары, сондай-ақ 1310-ға жуық тұрақты жұмыс орындары құрылды. 298 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылды.

«2021 жылы қуаттылығы 391 МВт болатын 23 нысанды іске асыру жоспарланып отыр. Олардың жалпы инвестиция көлемі 370 млн долларды құрайды», - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар