Биыл 22,7 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл 22,7 млн гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 ай ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3, ал азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,9 пайызға ұлғайды. Мал шаруашылығында өндіріс көлемі 3,2 пайызға артты. Атап айтқанда, тірі салмақта ет өндіру 5,3, сүт өндіру 3,4 пайызға өсті», - деді министр.

Оның атап өтуінше, өткен жылы елімізде импортты алмастыру аясында 48 жаңа тауарлы-сүт фермасы, 3 ет комбинаты және ет бағытындағы 8 құс фабрикасы іске қосылды.

«Өсімдік шаруашылығында 2021 жылғы көктемгі егін егу жұмыстарын уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды және бүгінгі күні егін егу жұмыстары толық аяқталды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,7 млн гектарға егілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 78 мың гектарға артық», - деді Сапархан Омаров.


Соңғы жаңалықтар