Биыл 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы бекітіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл жыл соңына дейін 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасы бекітіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасын бекітуіміз керек. Өздеріңізге белгілі, бұл негізгі тәсілдер индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына енгізілген. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Бағдарламаның мақсаты өңдеуші өнеркәсіптің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болып табылады. Тұтастай алғанда, индустриялық-инновациялық саясат сабақтастықты сақтайды және экспортқа бағдарланған кәсіпорындар мен еңбек өнімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуға шоғырландырылатын болады», - деді вице-министр.

Осы ретте Аманияз Ержанов алдағы уақытта бекітілетін 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру бағдарламасының негізгі жаңалықтарына тоқталды.

«Бірінші, өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларындағы тиімді өндірушілерді қолдау пайдасына орай салалық басымдықтардан бас тартамыз. Екінші, бюджеттік ресурстарды пайдалануға бақылауды күшейту және ұтымды пайдалану мақсатында кәсіпорындарды қолдау нақты көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелеріне алмасу үшін ұсынылатын болады. Үшінші, кәсіпорындарды жаңғырту мен технологиялық дамытуға бағытталған қолданыстағы құралдар жетілдіріледі және жаңа құралдар әзірленеді", - деді ол.

Ол қазіргі таңда бағдарлама жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үстінде екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар