+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Биыл 200 мыңдай мұғалімнің жалақысына 30 пайыздық үстемақы қосылады

2018 жылғы 27 ақпан 11:42
Бөлісіңіз:
Биыл 200 мыңдай мұғалімнің жалақысына 30 пайыздық үстемақы қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда биыл 200 мыңдай мұғалімнің айлығына биыл 30 пайыздық үстемақы қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Министр Үкімет отырысында орта білім беруді жаңа мазмұнға көшу жұмыстары туралы айтып берді.

«Жаңартылған мазмұнды енгізбес бұрын бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектептерінде, одан кейін 30 пилоттық жоба апробациядан өтті. Мектептерде пилоттық жоба ретінде енгізілген жүйенің салыстырмалы нәтижесі бойынша, білім сапасының орташа балы екі есеге өсті. 2016-2017 жылғы оқу жылынан бастап 1 сынып, былтырғы оқу жылынан бастап қосымша 2, 5 және 7 сыныптар көшсе, биылғы оқу жылынан бастап 3, 6 және 8 сыныптар кезең-кезең бойынша көшеді. Жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің айлықтарына 30 пайыз үстемақы қаңтар айынан бастап төлене бастады. Барлығы 200 мыңнан астам мұғалім, яғни биыл мұғалімдердің 70 пайызы қосымша ақы алатын болады. Ұстаздар қауымы атынан Елбасына үлкен қолдау білдіргені үшін үлкен рахметімізді айтамыз», - дейді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуынша, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары қазіргі таңда дайын. Типтік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары бекітіліп, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер әзірленген. Критериалды бағалау енгізілу үстінде.

«Бастауыш білім беру деңгейінде бірыңғай базалық оқулықтар енгізіледі. 3, 6 және 8 сыныптардың оқулықтары қазіргі уақытта дайын. Енді сараптамадан өтіп, қоғамдық бағалау порталына шықты. Оны 20 мыңнан астам адам көріп, ұсыныстарын айтып жатыр», - дейді министр.

null

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT