Биыл 200 мектеп 4 тетік бойынша салынады - Асхат Аймағамбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 200 мектеп 4 тетік бойынша салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымдық мәселелер әлі де өзекті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында биыл 200 мектеп 4 тетік бойынша салынады. Олар: жекешелік-мемлекеттік серіктестік, модульді мектептер салу, жекеменшік мектептер желісін дамыту және мемлекттік бюджеттен нысаналы салу», - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның атап өтуінше, 10 ақпанға дейін әкімдіктермен бірлесіп, мектептердің құрылысы бойынша жол картасы бекітіледі.

«Әкімдіктер осы мәселені жеке қарастырып, тиісті өңірлік жоспарларын әзірлеп, бір аптаның ішінде министрлікке ұсынуды сұраймын», - деді министр.

Еске салайық, 26 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырған болатын.



Соңғы жаңалықтар