Биыл 200-ге жуық бала педофилдердің құрбанына айналды - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың айтуынша, ағымдағы жылы елімізде 183 бала сексуалдық қылмыстардың құрбанына айналды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Өткен жылмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен болып тұр. Дегенмен, әрбір баланың тағдыры - отбасының трагедиясы, қоғамның трагедиясы, жазылмайтын үлкен жара. Биыл балаға қатысты қылмыс жасаған 111 адам сотталды", - дейді Ж.Асанов.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша әрбір үш минут сайын бір бала педофилдің құрбанына айналады. Иран, Ирак, Корея сияқты елдерде ондай қылмыстар үшін өлім жазасы қолданылса, АҚШ пен Польша елдерінде xимиялық кастрация жасайды. Ал Африкада қылмыстыны тірідей өрттеп тастайды. Қазақстанда педофилдік әрекет үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылады.

Соңғы жаңалықтар