USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Биыл 2 мыңға жуық фейк ақпарат анықталып, жоққа шығарылды

2021 жылғы 6 желтоқсан 19:26
Бөлісіңіз:
Биыл 2 мыңға жуық фейк ақпарат анықталып, жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Stopfake.kz сайты 1900-ден астам фейкті жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Дәріханаларда NaCl ерітіндісі тапшы: Алматы әкімдігі түсінік берді «COVID-19-ды лидокаин және физиологиялық ерітіндімен емдеуге болады» - фейк

2021 жылы, ҚР АҚДМ құрған Stopfake.kz сайты оқырмандар аудиториясының медиасауаттылығын арттыру бойынша жұмысты жалғастыртырып, Қазақстанның ақпараттық алаңында таратылған 900-ге жуық жалған хабарламаларды жоққа шығарды.

Жалпы, сайт жұмыс жасаған бір жарым жыл ішінде, 2020 жылдың шілдесінен бастап қазақ және орыс тілдерінде 2000-ға жуық фейктер теріске шығарылды. StopFake сайтының жұмысының нәтижесінде карантиндік шектеулер туралы вирустық хабарламалар, COVID-19 вакцинациясының қауіптілігі туралы жаңылыс ақпарлар, 2021 жылғы парламенттік сайлау туралы жалған ақпарат және т.б. тоқтатылғанын атап өтуге болады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің тұрақты мониторингі жүргізіледі.

Сонымен қатар, ресурста сараптамалық сұхбаттар пайда болып, онда белгілі бір хабарламалар ғылыми тұрғыдан түсіндірілді.

Stopfake.kz жобасы «Медиаға арналған Медиа» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Күн сайын сайттағы материалдарды Қазақстанның ірі басылымдары, сондай-ақ шетелдік ақпараттық ресурстар қолданады.

Сайттағы екі тілді материалдардан басқа, түрлі мақалалар әлеуметтік желілерде таратылады. Қазіргі уақытта жобаның контенті 7 миллионнан астам рет әртүрлі платформаларда қаралды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT