Биыл 2 мың шақырым инфрақұрылым желілері жаңартылады – Роман Скляр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 2 мың шақырым жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылады.

Бұл туралы Сенатта «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлердің теңгерімді дамуы – ұлттық басымдықтың бірі. Базалық салалар өңірлер экономикасының қозғаушы күші болып қала береді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс, көлік салалары қамтылып отыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша олар 3,5 пайызға өсті. Әр өңірдің дамуы үшін жасалып жатқан іс-шаралар халықтың әл-ауқатына әсер етеді. Халықтың былтырғы нақты ақшалай табысы 2019 жылға қарағанда 9,8 пунктіге өсті. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында тіркелді», - деді Р. Скляр.

Оның атуынша, 2022 жылы 3 мың шақырым жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері жаңартылды. Ал биыл 2 мың шақырымға жуық желіні қайта салу есебінен тозу көрсеткішін 50 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. 2029 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 пайызға дейін төмендейді.

«Сумен қамтамасыз ету желілерімен қалатұрғындарының 98 пайызы және ауылдың 94 пайызы қамтылған. Биыл сумен қамту қызметіне 172 млрд теңге бөлінді. Осы орайда қала тұрғындарының 98,7 пайызы, ауыл тұрғындарының 96 пайызы қамтылады. 2025 жылдың соңына дейін халықты ауыз сумен қамту 100 пайызды құрайды», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.


Соңғы жаңалықтар