Биыл 187 мыңнан аса елордалыққа 13 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілген

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы он айда Астанада 187 530 пациент 13 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 қарашадағы жағдайға сәйкес, Астана қаласы бойынша 13 млрд 36 млн теңге сомасына 187 530 пациент тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекция, жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 2 107, төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 6 136, темір жетіспеушілігі анемиясымен – 972, пневмониямен - 1 583, синуситпен, бадамша безі және аденоид ауруларымен 444 бала бар» - деп атап өтті Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, келер жылғы тегін берілетін дәрі-дәрмектер жеткізілгенге дейінгі аралықта медициналық бұйымдармен үзіліссіз қамтамасыз ету үшін қазір қосымша өтінімдер ресімделуде.


Соңғы жаңалықтар