Биыл 171 мың тонна мал шаруашылығы өнімі тексерілді - Сапархан Омаров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін 2,4 мың жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы Қазақстан-Ресей учаскесінде 28 және Қазақстан-Қырғыз учаскесінде 4 ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау пункті ұйымдастырылды. Бұл шара ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық, карантиндік тұрғыдан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы қауіпті өнімдерінің әкелінуіне жол бермеуге мүмкіндік береді», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылдың басынан бері жалпы көлемі 171 мың тонна мал шаруашылығы өнімі тиелген 17 мың автокөлік тексерілді.

«Жалпы ветеринария саласындағы заңнаманың бұзылғаны үшін жалпы сомасы 86,2 млн теңгеге 2,4 мың жеке және заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды», - деді С. Омаров.


Соңғы жаңалықтар