Биыл 170 жаңа өнеркәсіптік нысан қатарға қосылды - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы 170 жаңа өнеркәсіптік нысан қатарға қосылды. Бұл бағытта 3 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы игерілді. Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті,

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол картасы бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанына тоқталған Президент, бұл бағдарлама жұмыс орындарын құруға негізделгенін еске салып өтті. «Осы іс-шараға елеулі қаржы бөлінді. Биылғы жылы бұл бағытта 400 мың жаңа жұмыс орындарын құрдық», деді Елбасы.

«Биылғы жыл қиындау болса да, 170 жаңа өнеркәсіптік нысанды қатарға қостық. Бұл бағытта 3 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы игерілді», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар