Биыл 158 жаңа өнеркәсіп нысаны іске қосылады – Әлихан Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өндіріс көлемін ұлғайту және импортты алмастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономиканың нақты секторын дамытуға, импортты алмастыру және өнеркәсіптік өндірісті одан әрі дамытуға басымдық беріп отырмыз», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы жалпы сомасы 25 триллион теңгені құрайтын 730-ға жуық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын, оның ішінде 440 жоба импортты алмастыруға бағытталғанын айтты.

«Жалпы, бұл жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп өнімінің көлемін 10,5 трлн теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Шамамен 4,4 триллион теңгеге импортты алмастыру жүргізіледі және 6,1 трлн теңгеге экспорт көлемі өседі. Биыл жыл қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі 158 жаңа өнеркәсіп нысаны пайдалануға беріледі», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар