Биыл 150 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 150 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істер комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша міндеттеме қабылдадық. Мемлекеттік инвестициялар есебінен 150 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартады. Оның ішінде шамамен 39 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады. Мемлекеттік қолдау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті», - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандардың тұрғын үй мәселелерін тездетіп шешу үшін «5-10-20» пилоттық жобасын іске асыру басталғанын айтты.

«Ұлттық банк 390 млрд теңге бөлді. Оның ішінде кредиттік тұрғын үй салу үшін өңірлерге 180 млрд теңге аударылды. Барлығы 15,2 мың пәтер салу жоспарланған. «5-10-20» бағдарламасының шарттары бойынша кезекте тұрғандарға кредит беру үшін 210 млрд теңге Тұрғынүйқұрылысбанкіне аударылды. 90 млрд теңге мөлшеріндегі бірінші транш тамыз айында бөлінді, 35 млрд теңге сомасында 2,6 мың қарыз берілді«, - деді Мархабат Жайымбетов.


Соңғы жаңалықтар