Биыл 150-ден астам нәрестеге санавиация көмегі тиді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қажетті медициналық көмек көрсету үшін жыл басынан бері еліміздің өңірлерінен 150-ден астам жаңа туған нәресте санитарлық авиация күшімен тасымалданды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы санитариялық авиация күшімен 450-ден астам осындай науқастарға, оның ішінде туған кезде салмағы килограмға жетпейтін нәрестелерге медициналық көмек көрсетілді. Осындай шақалақтарды тасымалдау үшін санитарлық авиация әуе кемелері арнайы кювездермен және баланың өмірлік көрсеткіштерін демейтін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осындай науқастарды тасымалдау кезіндегі басты міндет - баланың тыныс алуын, дененің температуралық режімін және жүрек жұмысын демеу», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында патологиялық жағдайдағы нәрестелер  санитарлық авиация науқстарының жалпы санының 17,3 пайызын құрады.

Жалпы, биылғы 6 ай ішінде санитарлық авиациямен 982 әуе сапары жүзеге асырылып, 1 072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді. Мұнымен қоса 1 137 медициналық қызмет жасалды.

Соңғы жаңалықтар