+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

2020 жылғы 7 сәуір 10:22
Бөлісіңіз:
Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңірлерге құрылыс жұмыстарын уақытылы бастауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұрғын үй бағасы жыл сайын 10-15% өсіп отырады – Талғат Ерғалиев Келесі жылы баспана бағасы қымбаттай ма Мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерге сын неге көп айтылады

«Қазіргі жағдайдағы Үкіметтің ең маңызды міндеті – құрылыс қарқынын ұлғайту, халықты тұрғын үймен қамту, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру. Бүгінде құрылыс саласында шамамен 700 мың адам жұмыс істейді. Осы жылы шамамен 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Құрылыс индустриясын дамыту бойынша жобалар іске асырылатын болады. Бұл ретте құрылыс саласы қазіргі уақытта экономиканың дамуының маңызды секторларының бірі болуы тиіс», - деді А. Мамин Үкімет отырысында.

Осы орайда ол Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі мен әкімдіктер жоспарланған тұрғын үй көлемін тапсыруды әрі бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты.

«Құрылыс маусымын уақытында бастаудың маңызы өте зор. Құрылыс орындарына инженерлік инфрақұрылым жеткізу бойынша 7 өңір ғана жобаларды іске асыруды бастаған. Бұл тұрғыда Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарын атап өткен жөн», - деді Үкімет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT