+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Биыл 13 млн шаршы метр баспананы пайдалануға беруіміз қажет – Мамин

2019 жылғы 18 қараша 11:16
Бөлісіңіз:
Биыл 13 млн шаршы метр баспананы пайдалануға беруіміз қажет – Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл қорытындысында 13 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруміз қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тұрғын үй құрылысы: Қандай өңірлер қаражатты игере алмады «Нұрлы жер»: Мемлекет жұмсаған 1 теңгеге 6 теңге тікелей инвестиция тартылды Нұрлы жер: Биыл Ақмолада 501 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі

«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жер« бағдарламасын іске асырудың маңыздылығын, оның тұрғын үй құрылысына мықты серпін беретіндігін ерекше атап өтті. Бағдарлама жүзеге асқан 2017 жылдан 2019 жылдың 10 айына дейінгі уақытта 33,35 млн шаршы метр үй салынды. Бұл 300 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Тұрғын үй саласына 3,3 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Оның 85 пайызы жеке инвесторлардың қаражаты», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, бағдарламада алғаш рет көпбалалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға арнап жалдамалы тұрғын үй салу, табысы төмен отбасыларға жеңілдетілген несие, жеке құрылыс салушыларға субсидия беру сияқты тетіктер іске асырылды.

«Бүгін біз құрылыс қарқыны бойынша алдыңғы қатардағы өңірлерді атап өттік. Бұл – Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары. Бірақ, артта қалған өңірлер де бар. Оларда биыл тұрғын үй салу қарқыны төмендеп, бөлінген қаражат толығымен және уақытында игерілмей отыр. Олар – Павлодар, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы. Индустрия министрлігі, «Бәйтерек» холдингі және өңірлердің әкімдері биылғы жылға жоспарланған көрсеткіштердің орыдалуын қамтамасыз етуі қажет. Біз осы жылдың қорытындысында 13 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беруміз қажет», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй саясаты аясында біріктіріп, 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын еске салды. Жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы әрбір қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін өзінің табыс деңгейіне қарай шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Мемлекеттік бағдарламаны осы жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT