Биыл 120 индустриялық жоба іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Ағымдағы жылы Индустрияландыру бағдарламасы аясында 120 жоба іске қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы сомасы 1,1 трлн теңгені құрайтын шамамен 120 жобаның іске қосылуы жоспарланған. 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады», - деді министр.

Осы орайда, ол ағымдағы жылы пайдалануға берілетін нысандардың қатарында құны 30,6 млрд теңге болатын Қарағанды облысындағы ферросилиция, құны 6,9 млрд теңге болатын Ақтөбе облысындағы керамика тақталарын өндіретін зауыттарды атады.

«Жалпы Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру кезеңінде жалпы сомасы 7,9 трлн теңге болатын 1 250-ден астам жоба іске қосылып, 120 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал, 2018 жылы жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 100-ден астам жоба іске қосылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны ашылды», - деді Ж.Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар