Биыл 12 мың көпбалалы ана қоныс тойын тойлайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы көпбалалы аналарға 12 мың пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда елімізде 340 мыңнан астам көпбалалы аналар өмір сүруде. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін 93 млрд теңгенің әлеуметтік көмегі биыл 820 мыңнан астам адамға беріледі. 1 тоқсанның өзінде 9 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 280 мыңға жуық қазақстандық қамтылды. Келесі ең өзекті мәселелердің бірі - мұндай отбасыларды жұмыспен қамту. Біздің жоспарымыз бойынша биыл 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылуы керек. Соның кем дегенде 85 мыңы көпбалалы отбасыларға арнап ашылады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, осы жылдың 1 тоқсанда Қазақстанда 32 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Соның 9 мыңға жуығы көпбалалы аналарға арналған.
«Жоспар бойынша 6 мыңға жуық жалдамалы пәтер жыл сайын көпбалалы отбасыларға беріліп отыратын болады. Бұған қосымша тағы 16 мың пәтер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемеммен 2019-2021 жылдары беріледі. Жалпы жеті жылдың ішінде ең кемінде 40 мыңға жуық жалдамалы пәтер берілуі керек. Оған қосымша үш жылдың ішінде Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы жеңілдетілген займмен кемінде 18 мың пәтер берілуі тиіс. Яғни, осы уақыттың ішінде 54 мыңға жуық пәтер берілуі керек. Оның 12 мыңы биыл беріледі», - деді Б.Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар