Биыл 12 елде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашу керек - Дәурен Абаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек. Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», - деді министр.

Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты.

«Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар