+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Биыл 12 елде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашу керек - Дәурен Абаев

2020 жылғы 27 қаңтар 11:44
Бөлісіңіз:
Биыл 12 елде қазақ тілін үйрететін 31 онлайн-сынып ашу керек - Дәурен Абаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 3 мың оқушыда месенджер немесе басқа құралдар арқылы білім алуға мүмкіндігі жоқ Қашықтан білім алу сапаға қалай әсер етеді –министр жауабы Министр оқушыларға берген тапсырманы орындауға уақыт беру қажеттігін айтты

«Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек. Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет. Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», - деді министр.

Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты.

«Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT