Биыл 11 айда құрылыс саласына инвестиция 2,1 есеге артты - Әсет Ерғалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2011 жылдың 11 айында құрылыс саласына инвестиция 2,1 есеге артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту экономикалық өсудің маңызды факторы болып қалуда. Бұл ретте өндіруші емес салалар инвестициялар үшін тартымды бағыт болып сақталуда. Осы жылдың 11 айында негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 2,6 пайызды, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны 11,7 пайызды құрады», - деді министр.

Оның дерегінше, инвестициялар құрылыс саласында – 2,1 есеге, өңдеу өнеркәсібінде – 50,5, ауыл шаруашылығында – 40,5, саудада – 34,2, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 18,6 және қаржы саласында 14,2 пайызға өсті.

«Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе және Павлодар облыстарында байқалуда»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар