Биыл 10 мың орындық 35 студенттер жатақханасы пайдалануға беріледі

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде студенттерді жатақханамен қамту мәселесі әлі де өзекті болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Студенттер үшін өзекті мәселелердің бірі - жатақхана тапшылығы. Дегенмен аталған мәселе жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Соңғы 3 жылда студенттерге 30 мың орын берілді. Биыл жыл соңына дейін 10 мың орындық 35 жатаққана қолданысқа берілуі тиіс. Бүгінгі күні 28 жоғары оқу орны студенттерін 100% жатақханамен қамтамасыз ете алады», - деді ҚР Премьер Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елордада өтіп жатқан «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында.

Дегенмен Үкімет басшысының орынбасары жекелеген университеттерде жатақхана орны тапшылығының барын айтты.

«Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде – 12,5 мың, қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде – 4,5 мың, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінде - 4 мың, Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінде – 3 мың және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде – 6,5 мың орын қажет», - дейді ол.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары студенттерді жатақханамен қамту оқу орындарының міндетіне кіретіндігін еске салды.

«Ғылым және жоғары білім министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдармен, ректорлармен бірге басқа қалалардан келген студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз етуді жалғастыруы тиіс. Министрлікке студенттерді жатақханамен қамту бойынша университеттерге тексеру жүргізіп, нәтижесін баяндауды сұраймын», - деді Е. Тоғжанов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде білімді қоғам мәдениетін қалыптастыру тұжырымдасы әзірленеді .

Одан бөлек, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі педагог мамандар даярланатыны айтылды.


Фото: gadgetshelp.com



Соңғы жаңалықтар