+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Биыл 1 мыңнан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады

2020 жылғы 13 ақпан 15:31
Бөлісіңіз:
Биыл 1 мыңнан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың соңына дейін 1000-нан астам ауыл жылдамдығы жоғары мобильді интернетпен қамтылады.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолалық оқушылардың 96,2 пайызы желі арқылы оқуына мүмкіндігі бар Бағдат Мусин интернет сапасын қадағалауға қосымша қаржы сұрады Асқар Мамин интернеттің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етуді тапсырды

Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байланыс операторларымен өткізген бірқатар кездесулердің нәтижесінде маңызды құжатқа қол қойдық. Тұрғын саны 250 және одан да көп ауылдарға жоғары жылдамдықты мобильді интернетті жүргізудің жоспар-кестесін құрып, оны барлық өңірлермен келістік. Еліміз үшін маңызы зор жобаны операторлар өз қаражаты есебінен іске асырады. Бұл ауыл тұрғындары сапалы мобильді интернетпен қатар, электрондық қызметтерді, қашықтықтан оқыту және тағы басқараларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады деген сөз. Елбасы және ел Президенті елді мекендерді сапалы байланыс қызметтерімен қамту жөнінде тапсырма берді. Бұл міндеттің «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасына енгенін өздеріңіз білесіздер»,- деп жазды министр.

Оның атап өтуінше, осы жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ», «Мобайл телеком-сервис» ЖШС және Кар-Тел» ЖШС меморандумға қол қойды.

«Байланыс операторлары ауылдық елді мекендерді мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету үшін желілерді бірлесіп құруға және жиіліктерді пайдалануға уағдаласты. Жауапты міндет үшін күш-жігер біріктіру - өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Операторлар жобаның картасын жақын арада жасауға уәде берді. Картаның көмегімен жобаның жүзеге асырылуын қадағалай аламыз», - деді Асқар Жұмағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT