Биыл 1,5 млн гектар суармалы жерді игеру жоспарланған – министр

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игеріледі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдіктерінің алдын ала деректеріне сәйкес, биыл 1,5 млн гектар суармалы жерді игеру жоспарланып отыр. Нақты алаң көлемі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін белгілі болады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның сөзіне қарағанда, 1 млн 126 мың гектар немесе жердің 75% жерүсті әдісімен суарылады. 95,2 мың гектар күріш алқаптарын су басу арқылы, 278,6 мың гектар алаңда немесе 13,3 пайызында заманауи тамшылатып суару жүйелері пайдаланылады.

«Мұнда су үнемдеу технологияларын қолданудың жоғары үлесі байқалатын Павлодар (25%), Жамбыл (18%), Түркістан (11%), Қарағанды (8,5%) облыстарын атап өту қажет», - деді Е. Қарашөкеев.


Соңғы жаңалықтар