Биткойнның бағасы тағы да тарихи максимумға жетті

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Соңғы сауда сессиясында биткойнның бағасы 5,65% өсіп, $50,645 мыңға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр.

Айта кетсек, биылғы жылдың 9 ақпанында биткойнның бағасы $ 47 000 доллардан асып, тарихи максимумға жеткен еді.

Әлемдегі ең көп таралған криптовалюта бағасының өсуі Tesla компаниясының жалпы сомасы $1,5 миллиард болатын Биткойнді сатып алуына байланысты делінеді. Оны компания ұсынатын қызметтер үшін төлем ретінде пайдалануға ниетті.


Соңғы жаңалықтар