Биткойн бағамы алғаш рет 33 мың доллардан асты және ол күн санап өсіп келеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биткойн бағам өзінің тарихи рекордын бір күн ішінде бірнеше рет жаңартты. 2 қаңтарда тарихта тұңғыш рет биткойннің бағасы 30 мың доллардан асып кетсе (Гринвич уақыты бойынша 13: 13-те), одан кейін 33 мың доллардан асты және өсуін жалғастыруда. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, биткойн 2 қаңтар күні 10%-дан аса қымбаттады. Биткойн бағамының өсуі желтоқсанның екінші жартысында қарқындай түсті. Бір-екі апта бұрын – 16 желтоқсанда криптовалютаның бағасы тарихи ең жоғары деңгейден – 20 042 доллардан асып түсті.

Бір жылдың ішінде биткойн бағасы төрт еседен асып түсті. Өткен жылдың басында оның бағасы 7 мың доллар аясында болған. Биткоин курсы өткен жылдың наурыз айында коронавирус індеті басталғалы бері – әлемдік қор нарықтарының құлдырауы және мұнай бағасының төмендеуі жағдайында көтеріле бастады.

Қазан айында криптовалюта бағамының өсуіне PayPal төлем жүйесінің 2021 жылдан бастап төлем құралы ретінде криптовалютаны қабылдауға дайын екендігі туралы хабарламасы түрткі болды. Сарапшылар алдағы уақытта биткойн күрт құлдырауы мүмкін екенін атап өтті. Олардың пікірінше, қазір криптовалюта курсы қаншаға дейін өсетінін болжау қиын.


Соңғы жаңалықтар