Биткоин бағасы құлдырап кетті

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Биткоиннің бағасы дүйсенбіде 23 000 доллардан төмен түсіп, 2020 жылдың желтоқсанынан бері ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі CNBC-ге сілтеме жасап.

Биткоин шамамен 17%-ға төмендеді және 22 764 доллар шамасында саудаланды. Бұл шығындардың кейбіреулері кейінірек қалпына келтірілді. Уолл-стритте күндізгі сағат 4-те биткоин 15%-ын жоғалтып, 23 351 долларды құрады. 14 маусымдағы жағдай бойынша криптовалютаның құны 7%-ға, яғни 22 285 долларға дейін төмендеді.

Ал соңғы тәулікте құны 21 мың доллардан төмен түсті. CoinMarketCap мәліметтері бойынша, өткен аптаның аяғынан бастап нарық шамамен 200 миллиард доллар жоғалтты. Ал криптовалюта нарығын капиталдандыру 2021 жылдың ақпан айынан бастап алғаш рет дүйсенбіде 1 трлн доллардан төмендеді.

Ең танымал криптовалюта бағамы инвесторлардың тәуекелді активтерді кеңінен сатуы аясында құлдырауда.


Соңғы жаңалықтар