Биткоин бағасы 13 мамырдан бері алғаш рет 51 мың доллардан асты

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Биткоин криптовалютасының бағасы 13 мамырдан бері алғаш рет 51 мың доллардан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат CoinDesk-ке сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, 6 қыркүйектегі жағдай бойынша, криптовалютаның ең үлкен құны 51 950 долларға жетіп, сол арқылы соңғы 24 cағатта 3.85% өсімді көрсеткен.

Қазіргі кезде биткоин 51 722.65 долларға саудалануда. Биткоин криптовалютасының бағасы көктем соңында қатты төмендегеннен кейін өсіп келе жатыр. Соңғы кезде криптовалюта 50 мың доллардан жоғары бағаға 23 тамызда саудаланған. Бүгінде биткойн – әлемдегі ең танымал криптовалюта.


Соңғы жаңалықтар