+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 17 медаль алды

2018 жылғы 4 наурыз 21:47
Бөлісіңіз:
Бішкектегі Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 17 медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек қаласында аяқталған грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2018 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы 17 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Атап айтқанда, қазақстандық спортшылар 4 алтын, 2 күміс және 11 қола медаль еншіледі. Оның ішінде 2 «алтын», 1 «күміс» пен 4 «қоланы» грек-римшілер иеленді. Сондай-ақ 2 алтын, 1 күміс пен 4 қола медальды еркін күресшілер алып келді, ал әйелдер командасына 3 «қола» бұйырды.

Өз салмақ санаттарында чемпион атанғандар - Алмат Кебіспаев, Асхат Ділмұхамедов, Дәулет Ниязбеков және Нұрислам Санаевтар.

Қырғызстанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты 27 ақпан - 4 наурыз күндері аралығында өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT