Бішкекте жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығы атап өтілді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Бішкектегі «Манас» академиясында Халықаралық Түркі академиясының қатысуымен жыр алыбы Жамбыл Жабайұлының 175 жылдығына арналған конференция мен кітаптардың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Академик Әбділдажан Ақматалиевтің айтуынша, Жамбыл Жұбайұлының 175 жылдығы Қырғызстанда атап өтіле бастайды, өйткені ол қырғыз ақындарына өте жақын болған.

«Жабаев қырғыздарға өте жақын болды. Оның «Қыз Жібек» шығармасы бізге өте танымал. Ол біздің ақындарымыз Қалықпен, Осмонкулмен, Алымкулмен өте тығыз байланыста болды, ақындарымыз Куренкеевпен жақын дос болды. Оның шығармалары біздің мектептерде, сондай-ақ жоғары оқу орындарында оқылады. Жамбылдың 175 жылдығын Қырғызстанда атап өтудің де маңызы зор, өйткені ол Қырғызстанда ұзақ уақыт тұрып, жұмыс істеген», - деді Ақматалиев.

Конференцияға Қырғыз Республикасы Мәдениет және туризм министрінің міндетін атқарушы Нұржігіт Қадырбеков, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Топчубек Тургуналиев, парламент депутаттары және мәдениет қайраткерлері қатысты.


Соңғы жаңалықтар