Бішкекте жолаушы тасымалдайтын шағын автобус аударылып қалды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте бағдарлық шағын автобус аударылып, екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Әбдраева мен Шуштөбе көшесінің қиылысында болған жол апаты кезінде №166 бағдарда қатынайтын шағын жолаушылар автобусы аударылып қалған. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне Бішкек қаласының милиция басқармасы хабарлады.

«Мазда» көлігімен соқтығысқан шағын автобус бір қырына жантайып құлап түскен. Екі жолаушы зардап шекті, оның бірі қыз бала, екіншісі әйел адам. Екеуі де ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұл іске қатысты барлық материалдап Бішкектің қалалық ІІБ Тергеу басқармасына жолданылған. Көліктер айып тұрағына жеткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар