Бішкекте ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың мерейтойы атап өтілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкекте Шыңғыс Айтматов ескерткішінің жанында қырғыз халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туған күніне арналған еске алу кеші ұйымдастырылды.

 Бұл туралы Бішкек қаласы мэрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады КирТАГ.

Іс-шараны Қырғызстан Респбликасының тарихы мен мәдениеті жылы аясында Ш.Айтматов атындағы №1 кітапхана ұйымдастырған.

«Ш.Айтматов атындағы орыс драма театрының актерлері ұлы жазушы мен оның шығармашылығын еске ала отырып, «Ана алаңы» повесінен монолог дайындады. Бішкектегі білім ордаларының студенттері Шыңғыс Төреқұлұлына арналған өлең шумақтарын оқыды. Барлық тұрғындар мен қонақтарға арналып түрлі жылдар мен жанрлардағы шығармалар көрсетілген «Әлемге тең өмір» кітап көрмесін қалалық кітапхана ұйымдастырды», - деп айтылады хабарламада.

Еске сала кетейік, Шыңғыс Айтматов 1928 жылы желтоқсанның 12-сі Шекер, Қырғыз АКСР дүниеге келген ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.

Қырғыз ауыл шаруашылығы институтын бітірген соң (1953) Қазақстанның Жамбыл облысында зоотехник болып қызмет атқарған.1956-1958 жылдары Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет курсында тыңдаушы, 1959-1960 жылдары "Литературный Киргизстан" журналының редакторы, 1960-1965 жылдары "Правда" газетінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі, 1965-1986 жылдары Қырғызстан Кинематографистер одағының төрағасы, 1986 жылы Қырғызстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1988 жылы "Иностранная литература" журналының Бас редакторы, 1990 жылы КСРО-ның Люксембургтегі елшісі болды. 1991 жылдан Қырғызстанның Бельгиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. "Әшім" атты тұңғыш әңгімесі 1952 жылы жарияланды. Онан кейін "Аспалы көпір" (1956), "Бетпе бет" (1957) тағы басқа әңгімелері жарық көрді. Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі "Жәмила" повесі (1958). 

Еске сала кетейік, Шыңғыс Айтматов 2008 жылы маусымның 10-ында Алманияның Нюрнберг қаласындағы ауруханада ем алып жатқанда қайтыс болды. 14 маусымда Бішкек қаласының шетіндегі «Ата-Бейит» тарихи-мемориалдық кешенінде жерленген. 

Соңғы жаңалықтар