Бішкекте ТМД Кеден қызметтері басшыларының отырысы өтті

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкек қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 69-отырысы өтті. Оған Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан кеден қызметтерінің және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев қатысты.

«Отырыс барысында бірқатар мәселелер талқыланды және шешімдер қабылданды. 1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың күшіне енуі туралы шешімге қол қою негізгі мәселелердің біріне айналды. Жинақталған тәжірибені, жаңартылып жатқан кеден заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуын есепке ала отырып, өзара іс-қимылдың қолданыстағы тәртібін қайта қарау қажеттігі туындады. Сондай-ақ отырыс барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден органдарының көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда кеден органдарының мөрлері мен мөртабандарын қою тәртібі туралы келісім жобасы мақұлданды», - делінген ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратында.

Теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды және кедендік операцияларды (кедендік ресімдеу) жүргізу кезінде ТМД қатысушы мемлекеттердің кеден органдары мен теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимыл типтік технологиясы бекітілді.

«Соңында тараптар ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды мәселелерін талқылау және шешу үшін тұрақты кездесулерді осындай форматта өткізудің және тығыз өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті», - деді комитеттен.

null

Соңғы жаңалықтар