Бішкекте ШЫҰ жастар форумы өтіп жатыр

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы кеңістігінде туризм индустриясын дамытуға арналған жастар форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Форумға қатысу үшін Қырғыз Республикасының астанасына Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Беларусь және Әзербайжан елдерінен делегаттар жиналды.

Шарада Қырғызстанда туризмін дамыту, туризм саласындағы кәсіпкерлікке жол ашу, ШЫҰ елдерінің «Жастар картасын» іске қосу арқылы жастарға қолдау көрсетудің тетіктерін жетілдіру сияқты мәселелер талқыланады.

«Осы форумның ШЫҰ саммиті аясында өтуі еліміз үшін маңызды оқиға», - дейді Қырғызстанның вице-премьері Алтынай Омурбекова.

Оның айтуынша, оқиғалар туризмін дамыту мақсатында маусым айында Бішкекте ШЫҰ Жастар кеңесінің кезекті отырысы, мамырда Шолпан атада ШЫҰ - Run the Silk Road халықаралық марафоны өткізіледі.

«Туризм әлемнің көптеген мемлекеттерінде зор экономикалық маңызға ие. Ол бюджетті толтырып, өңірлік дамуға жол ашады, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады», - дейді Омурбекова.

Соңғы жаңалықтар