Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін Қырғыз астанасы Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 19-отырысы өтеді. Шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

ШЫҰ-ның даму жай-күйі мен келешегі жайында пікір алмасылып, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер талқыға түсетін отырысқа Қырғыз Президенті С.Жээнбеков төрағалық жасап, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Ресей Президенті В.Путин, Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Э.Рахмон қатысатындығы күтіледі. Мұнан бөлек, шараға Ауғанстан Президенті А.Гани, Беларусь Президенті А.Лукашенко, Иран Президенті Х.Рухани, Моңғолия Президенті Х.Баттулга қатысатындығы жоспарланған.
null

Мемлекет басшылары 14 құжатқа, оның ішінде 13 шешім мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Бішкек декларациясына қол қоймақ. Сонымен қатар отырыс аясында БАҚ, спорт, денсаулық сақтау, ШЫҰ-ның халықаралық байланысын кеңейту салаларындағы ықтымақтастықты қамтитын 7 құжатқа қол қою көзделеді. Қазақстан тарапы бастамашылығымен әзірленген денсаулық сақтау, ШЫҰ-ның "Астана" халықаралық қаржы орталығымен өзара іс-қимылы, цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, "ШЫҰ-Ауғанстан" байланыс тобының мұнан арғы іс-қимылы сынды салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттар да рәсімделмек.

Айта кетерлігі, 2019-2020 жылдары ұйымға төрағалық Ресей тарапына өтеді және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2020 жылға жоспарланған.

null

Соңғы жаңалықтар