+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Бішкекте сайлау қорытындысына көңілі толмағандар Ақ үйді қоршап алды

2020 жылғы 5 қазан 21:08
Бөлісіңіз:
Бішкекте сайлау қорытындысына көңілі толмағандар Ақ үйді қоршап алды

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкекте Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауына көңілі толмаған бір топ адам Ақ үйге шабуылдап жатыр. Оларды милиция қуа бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Дәл қазіргі сәтте атылған қарудың даусы естіліп жатыр. Сондай-ақ көз жасаурататын газ қолданылғаны көрініп тұр. Ақ үйдің айналасын күш құрылымдарының қызметкерлері қоршап алған.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, митинг қатысушыларының арасында спиртті ішімдік ішкен адамдар да бар, сондықтан полицейлер халықты үйді-үйіне тарауға шақырған.

«Халықтың денсаулығына қауіп төндіретін немесе басқа да деструктивті жағдайлар туындаса, бүкіл жауапкершілік митингті ұйымдастырғандарға артылатынын еске саламыз. Ұйымдастырушылардың арасында бірнеше партияның лидерлері мен олардың белсенді мүшелері бар. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, олардың мазасын алмас үшін наразылық білдірушілерді тарауға шақырамыз» делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, 4 қазанда өткен сайлау қорытындысына наразылық білдірген адамдар Ала-Тоо алаңына шығып, митинг өткізген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT