Бішкекте сауда орталығында бомба қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ – Қырғызстан ІІБ

None
None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Бішкекте сауда орталығында бомба қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ, деп хабарлады Кабар агенттігі Свердлов аудандық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Милицияның мәліметінше, ғимараттан күдікті зат табылмады. Қоршау алынып тасталды.

Еске салайық, Бішкекте бомба қойылғаны және кепілге алынған адам бары туралы хабардан кейін орталық әмбебап дүкен ғимараты қоршауға алынған болатын.

Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне ғимараттың ішінде бірнеше әйелді кепілге алғаны туралы хабар түскен.


Соңғы жаңалықтар