Бішкекте митингте жарақат алған 5 адам ауруханаға жеткізілді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бішкектің Ала-Тоо алаңындағы митингте зардап шеккен бес адам ұлттық госпитальге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жайлы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімет таратқан.

Жарақаттанғандардың екеуі амбулаторлық көмек алған, ал үшеуі орташа ауыр жағдайда госпитальге жатқызылған.

Министрліктің мәліметінше, «Ата Мекен» партиясынан депутаттыққа кандидат Тілек Тоқтоғазиев те орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Айта кетейік, Ала-Тоо алаңында өткен митингте әртүрлі партияны жақтаушы тараптардың арасында қақтығыс болған.

Бішкектегі жағдай 5 қазанда парламент сайлауына көңілі толмағандар митингке шыққалы бері тынышталмай отыр.


Соңғы жаңалықтар