+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бішкекте «Манас» эпосының жаңа басылымы таныстырылды

2019 жылғы 15 сәуір 14:19
Бөлісіңіз:
Бішкекте «Манас» эпосының жаңа басылымы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкек гуманитарлық университетінде латын әліпбиімен жарық көрген «Манас» эпосы кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басылым таныстырылымына Қырғызстанның ғылыми және қоғамдық-саяси орта өкілдері, дипломатиялық миссия қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттер қатысты.

«Манас» эпосының бұл басылымы 1796-1983 жылдары өмір сүрген және бүкіл өмірін қырғыз халқының аңыз-әңгімелерін жинауға арнаған танымал манасшы Медер Мергенбаевтың қолжазбасы негізінде әзірленген.

Бұл қолжазбаны 1993 жылы Бішкек гуманитарлық университетінің ректоры, түрколог-ғалым Қадыралы Қоңқабаев университеттің ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорына алған. Ал 2018 жылдың шілдесінде Халықаралық түркі академиясына берілген.

Кітаптың бас редакторы - профессор, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі.

Жалпы Түркі академиясы қырғыз халқының әдебиетіне, тарихына және дәстүріне қатысты 20-дан астам іргелі еңбектерді жария етті. Аталған еңбектер түркітілдес әлемнің ғылыми интеграциясын дамытуға септігін тигізіп отыр.

Айта кетерлігі, Медер Мергенбаевтың қолжазбасы негізінде әзірленген «Манас» эпосын Түркі академиясы алғаш рет жария етіп отыр. Бұл кітаптың арқасында бұған дейін белгісіз болып келген эпостың тағы бір нұсқасы пайда болып, манастану ғылымының одан ары дамуына үлкен үлес қосып отыр. Эпос латын әліпбиімен басылып шыққан.

«Медер Мергенбаевтың «Манас» эпосы кітабы манастанудағы үлкен оқиға болғаны сөзсіз. Оның ғылыми құндылығы жоғары. Себебі, ең алдымен ол еш уақытта жарияланбаған. Екіншіден, онда бізге белгілі өзге нұсқаларда айтылмайтын оқиғалар суреттеледі. Сонымен қатар оның көркемдік мазмұны да бай», - деді Бішкек гуманитарлық университетінің ректоры Әбділдә Мұсаев кітаптың таныстырылымы барысында.

Мұнан бөлек, аталған шара аясында Бішкек гуманитарлық университеті мен Халықаралық түркі академиясы арасында меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа сәйкес, БГУ Түркі академиясының халықаралық редакциялық алқасының құрамына кіреді.

Сонымен қатар, бүгін БГУ-де Халықаралық түркі академиясының «Интеллектуалдық орталығының» ашылу рәсімі өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT