Бішкекте ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Қырғызстандағы ҚР елшілігінде ресми қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бішкектегі меншікті тілшісі.

Бішкек қаласындағы «Ала-Тоо» мейрамханасында өткен аталмыш іс-шараға Қырғызстандағы дипломатиялық корпус, аккредиттелген халықаралық ұйымдар, заң шығарушы және атқарушы билік, ғылыми және шығармашылық зиялылары қатысты. 

Іс-шара Қазақстан мен Қырғызстанның мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды. Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Айымдос Бозжігітов келген қонақтарды жылы қарсы алды.

null 

«Қазақстан өткізіп жатқан әлеуметтік және экономикалық реформалардың арқасында бүгінде әлемнің дамыған 50 елінің құрамына кіріп, бәсекеге қабілетті және толыққанды мемлекет ретінде мойындатып келеді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының көмегімен өзінің дара жолын таңдап, үлкен жетістіктерге жетуде. Тұрақты даму, этникааралық және конфессияаралық түсіністік пен толеранттылықтың бірегей моделі Қазақстанның халықаралық бренді болып табылады», - деп атап өтті А. Бозжігітов.

Сөз барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Орталық Азия елдерін ядролық қарудан азат ету туралы бейбіт және интеграциялық бастамалары айтылды. Қазақстандық дипломат Қырғызстанмен жоғары деңгейдегі мемлекетаралық екіжақты қарым-қатынас пен болашақта оны ары қарай дамыту әрі нығайту керектігін атап өтті. 

null 

Соңғы жаңалықтар