Бішкекте коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, «қызыл» аймаққа енді

None
None
БІІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Бішкек коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Ұлықбек Бектұрғанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Елордада тәулігіне 77 жаңа COVID-19 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 52 жағдай зертханалық расталды, 25-нің клиникалық-эпидемиологиялық белгілері бар. Шу облысы сары аймаққа кірді, ал республиканың қалған 6 облысы бұрынғысынша жасыл аймақта», – деді ол.

Сондай-ақ шектеу шаралары мен карантинді енгізу туралы шешімді өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жергілікті жерлердегі төтенше эпидемияға қарсы комиссия (ТЭК) шешетінін айтты.

Анықтама ретінде: өңірлерді түстер бойынша аймаққа бөлу екі көрсеткішпен байланысты – бұл R- репродукциясы немесе инфекция жұқтырған адамнан байланысатын адамға берілу көрсеткіші. Екінші көрсеткіш – соңғы жеті күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру-сырқау саны.


Соңғы жаңалықтар