Бішкекте Еуразия экономикалық форумы өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бішкекте бірінші Еуразия экономикалық форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форумның тақырыбы – «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері».

«2001 жылы өзара төлем жасауда ұлттық валютаға көшу қажеттігін айтқан болатынмын. Өткен оқиғалар алтыншы кондратьев циклінің экономикасына көшудің бірегей мүмкіндігін сынға алды, онда нанотехнологиялар, жаңа энергетика мен жаңа ақпараттық технологиялар сонымен қатар адами ресурстар басты назарда болады. Батыстан шығысқа қарай өркениеттік жылжу жүріп жатыр, экономикалық аймақ орталығы Азия құрлығына ауысып жатыр. Егер Еуропаға терезе жабылса, демек Азияға ашылады. Біз теңдессіз өзгерістердің куәсі болып отырмыз, біздің одақтың өзіне лайықты ұстанымы болуы керек», - деді Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің төрағасы, Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров форумның ашылуында.

Айта кетейік, аталған шараның бағдарламасына сәйкес Еуразия экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс пен алты панельдік сессия кіреді.


Соңғы жаңалықтар