Бішкекте бүгін кешкі 20:00 бастап төтенше жағдай режимі енгізіледі

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 9 қазанда Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде туындаған зорлық-зомбылықпен және адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірумен ұштасатын қалыптасқан жағдайға байланысты, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Конституциясының 15-бабына, 64-бабы 9-бөлігінің 2-тармағына және «Төтенше жағдай туралы» Қырғыз Республикасы Конституциялық Заңының 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын, олардың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету мүддесінде, бұдан бөлек, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:

Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазан сағат 20.00-ден 2020 жылғы 21 қазан сағат 08.00-ге дейін төтенше жағдай енгізіледі.

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмазбек Қыдырбайұлы Орозалиев Бішкек қаласының төтенше жағдай кезеңіндегі коменданты болып тағайындалды.

Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін комендатура құрылып, Бішкек қаласының комендатурасы туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілді.


Соңғы жаңалықтар