Бішкекте балабақшалар жабылып, мектептер онлайн оқуға көшеді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында 12 сәуірден бастап эпидемиологиялық жағдай жақсарғанда қабылданатын шешімге дейін мектептер қашықтан оқуға көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкек мэрі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім қалалық эпидемияға қарсы және эпизоотикаға қарсы төтенше комиссияның отырысында қабылданған.

Сонымен қатар, 12 сәуірде Бішкекте барлық балабақша жабылады.
«Учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан балабақшалардағы оқу 8 сәуірден бастап онлайнға көшеді, бізде ондай 14 балабақша бар», - делінген хабарламада.
Қазір қалада санитария бақылауы күшейтілген, шаруашылық нысандарында мобилді инспекция бригадаларының саны көбейтілген.

Еске сала кетсек, Бішкек коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа кірді.


Соңғы жаңалықтар