Бішкекте атыс ұйымдастырған екі қазақстандық азамат ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше кешкі уақытта күш құрылымдарының қызметкерлері Бішкектің орталығында атыс ұйымдастырған қарулы қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлады КирТАГ агенттігіне құқық қорғау органдарынан.

Екі қазақстандық азамат - 24 жастағы Альберт Абжин Сатыбалды оғлы мен 27 жастағы Жанболот Әміров ұсталды. Олар 2014 жылы Бішкектің Первомайский аудандық сотымен бірқатар қылмыстарды жасағаны үшін төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, алайда түрмеден қашып кеткен.

Кеше, 25 маусым күні ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері олардың Исанов пен Киевский көшелерінің қиылысында жүргенін анықтады. Алайда ұстау әрекеті кезінде қылмыскерлердің бірі тапаншадан әуеге оқ атып, екіншісі қол гранатасын жарып жіберумен қорқытқан. Осының арқасында қылмыскерлер қашып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 25 маусым күні кешқұрым қолға түскен, қазіргі уақытта ҰҚМК-нің тергеу абақтысында отыр.

Соңғы жаңалықтар