Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Бішкекте Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр

2019 жылғы 25 маусым 23:58 1366
Бөлісіңіз:
Бішкекте Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек жиналып жатыр

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстанның Арыс қаласында болған жарылыстардан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл туралы 24.kg порталына қайырымдылық акциясының бастамашысы Жапар Үсенов хабарлаған.    

Оның сөзінше, алдын ала қайырымдылық көмек жинау жұмыстары 28 маусымға дейін жалғасады деген жоспар бар. Бұдан соң қолма-қол қаржы Қазақстанға жіберіледі.

«Жеке өзінің атынан бөлінген қаржыны президент аппаратының қызметкерлері бөлді. Біз көмекті қолма-қол қаржылай да, гигиеналық заттар түрінде де жинап жатырмыз. Қолма-қол қаржыны біз Қазақстан Парламентінің депутатына жолдаймыз - қазіргі таңда ол оқиға болған аймақта жүр. Егер біз заттай мол көлемде көмек жинайтын болсақ, демалыс күндері оларды Шымкентке жөнелтеміз. Жиналған дүниелердің барлығы туралы біз есеп береміз»,-деді Жапар Үсенов.

Көмек қабылдау жұмыстары Бішкек қаласының Спорт сарайы ауданында жүріп жатыр. Байланыс телефондары: +996555990555 (Шыңғыс Үсенов). Қаржыны сондай-ақ  «Элсом»: +996559022777 мекенжайы бойынша да жолдауға болады.

Айта кетейік, Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғалардан соң Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа телефон шалды.

Қырғыз Республикасының Президенті Арыс қаласындағы жарылыстардан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді. Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардаптар әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке және бауырлас қырғыз халқына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.   

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығын хабарлағанбыз.

Оқиға орнына шұғыл түрде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетіп, жарылыс аумағынан эвакуацияланған тұрғындармен кездесті. 

Сондай-ақ Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды.

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT