Бішкекте ақша бопсалаумен айналысқан 19 жастағы қыздар ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз тәртіп сақшылары Бішкек қаласының тұрғындарынан жеке мәліметтерін әлеуметтік желіге саламыз деп қомақты сома талап еткен екі қызды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Бішкек қаласының ІІБ таратқан ақпаратқа сәйкес 20 сәуір күні қала тұрғыны милицияға хабарласып, одан белгісіз біреулер 75 мың сом (357 мың теңге - авт.) ақша талап еткендігін айтып шағымданған.

Жедел тергеу жұмыстарының нәтижесінде, арнайы бояулармен белгіленген 10 мың сомды беру кезінде 19 жастағы екі бойжеткен қылмыс үстінде қолға түсті.

Олар адамдар туралы жеке мәліметке қол жеткізген соң, деректерді әлеуметтік желіге жариялаймыз деп ақша бопсалаған.

Аталған факты бойынша «Бопсалау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар